Жаңалықтар

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫ

Астана қаласының Статистика департаментінің мәлімдеуінше, 2014 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өнімі (тауарлар, қызметтер) 31,4 млрд теңгені құрады, 2014 жылғы ақпанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 2013 жылдың қаңтар-ақпан деңгейімен салыстырғанда 77,8%-ды құрады.

Ал өнім өндірудің нақты көлемі 2013 жылдың қаңтар-ақпан деңгейімен салыстырғанда 34,4%-ға төмендеді және қолданыстағы бағамен 19,7 млрд теңгені құрады. Өндіріс көлемінің кемуі, әсіресе,  тамақ өнімдері, минералдық өнімдер, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнеркәсібінде байқалады. Егер, тарата айтсақ, дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн, олардан тартылған ұн қоспалары 9,1%-ға, нан 7,5%-ға, макарон 23,3%-ға, сыр және ірімшік өндірісі  6,2%-ға төмендеді.

Құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған құрылысқа арналған құрастырмалы конструкциялар элементтерінің өндірісі  105,5%-ға, құрылыс қоспаларының өндірісі  115,3%-ға қамтамасыз етілген.

Машина жасаудағы өнімнің нақты көлемінің кемуі дизельді локомотивтер шығаруды азайтумен байланысты боп отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button