Рухани жаңғыру

Отбасылық бейнебаян байқауы

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығы Отбасы күніне орай өткізілетін республикалық видеороликтердің онлайн конкурсы жөнінде айтты. Қазақстанда биыл аталмыш мереке 12 қыркүйек­те аталып өтіледі.

Бейнеоликтер байқауы екі бағыт бойынша өтеді: отбасы құндылықтарына байланысты «Отбасы құндылықтарының сандықшасы» және балаларға арналған ертегілер бойынша «Ертегілер әлемі». Әр бағыт бойынша жеңімпаздарға арналған жүлде қоры 100 мың теңгені құрайды. Конкурс тамыз айының 9-ы мен қыркүйек айының 9-ы аралығында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылар 1-3 минуттық бейнероликте өз отбасының құндылықтары мен дәстүрі жөнінде немесе балаларға арналған ертегі түріндегі қысқа бейнеөнім ұсына алады.
Барлық бейнеөнімдер ресми сайт пен ҚҚДИ-дің барлық әлеуметтік желілерінде, яғни арнайы Instagram және Facebook желілерінде ашылған @kiorotbasy2021 парақшаларында #kiorotbasy2021 #киорсемья2021 хештегтерімен орналастырылады. Онлайн конкурстың жеңімпаздары Instagram желісіндегі орналастырылған видеоның астындағы жиналған лайк санымен онлайын дауыс беру арқылы анықталады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button