ЖаңалықтарҚоғам

«Пиротехника» шарасы басталды

Елорда полициясы заңсыз сауданың жолын кесу мақсатында кешенді шараларды бастап кетті. ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жаңажылдық мереке қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және шығару тәртібінің сақталуын тексеруде.

slider-slider-2-010915

Қазіргі уақытта құқық қорғау қызмет­керлері күнделікті базарлар мен көше бойындағы сауда орындарды қатаң бақылауға алды. Осылайша, сертификаты жоқ өнімдерді жеткізушілерді анықтау көзделуде.
«Пиротехникалық өнімдерді авто­көлікпен тасымалдау заңдылығын тексеру бойынша «Рубеж» бекеттерінде де жол-патрульдік полициясының жұ­мысы күшейтілді. Пиротехникалық бұйымдардың саудасы сәйкес лицензиясы бар тек мамандандырылған дүкендерде ғана сатылуы тиіс» дейді ІІД ӘПБ бөлім бастығы Бағлан Қазбеков.
Оның айтуынша, пиротехниканы заңсыз пайдалану деректері анықталған жағдайда, заң бұзушылар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 436-бабы бойынша әкімшілік жауап­кершілікке тартылады. Жазалау мақ­сатында 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеу заңмен қарастырылған.
Сондай-ақ, «Пиротехника» жедел-алдын алу шарасы шеңберінде полиция Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерімен бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Елорданың көңіл көтеру орындарының басшыларымен, мектепке дейінгі және білім беру мекемелерімен кездесіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және пиротехникалық өнімдерді пайдалануға жол бермеу туралы кеңінен айтылуда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button