Жаңалықтар

Пиротехникадан сақтаңыз

Елордада полицейлер мен құтқарушылар бірлесіп, 15 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында «Пиротехника» ­жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

[smartslider3 slider=1691]

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы онлайн-брифинг барысында құқық қорғау органдарының сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдар таралуының жолын кесу және жаңа жылдық мерекелерде жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтты.

– Пиротехника – бұл қауіпті құрал, ол мерекелік отшашумен қатар өрттің туындауына ғана емес, адам денсаулығына да айтарлықтай зиян келтіреді. Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар айналымының белгіленген қағидаларын сақтағанын бақылау мақсатында полицейлер құтқарушылармен бірлесіп, базарларда сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың стихиялық сауда фактілерін анықтап, жолын кесетін іс-шара өткізіп жатыр. Аталған іс-шара­ның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, – деді басқарма басшысы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button