Жаңалықтар

Мерекеде жұмыс істейді

Мереке күндері елордада емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді.

[smartslider3 slider=1690]

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ­Тимур Мұратовтың айтуынша, мереке күндері халыққа медициналық көмекті кезекші дәрігерлер көрсететін болады. «Фильтр-кабинеттер, мобильді бригадалар үздіксіз жұмыс істейді. Олар амбулаторлық пациенттердің үйіне барады. ПТР әдісімен тестілеуді өткізу жалғасады» деді ол.

Пациенттерді қабылдау 1-4 қаңтар және 7 қаңтар күндері сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады. Жалпы практика дәрігерлері ғана кезекшілікте болады. Кезекшілік ететін дәрігерлер кесте бойынша таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Амбулаторлық науқастарға 8:00-ден 16:00-ге дейін қызмет көрсетіледі.

Қалалық стационарлар азаматтарды тәулік бойы қабылдайды. Жедел және консультациялық көмек көрсету үшін стационарлық көмекті жоғары білікті мамандар ұсынады. Өтініштер мен қала тұрғындарының шақыруына диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button