Әлеумет

Қайдан көмек сұрауға болады?

Елордада өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсететін орталықтар жұмыс істейді.

[smartslider3 slider=619]

– «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында психоневрологиялық патологиясы бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше балалар тұрады. Оларға денсаулығына байланысты тәулік бойы күтім мен медициналық қызмет көрсетіледі. Балалар даму деңгейіне байланысты қозғалмалы ем, әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік-тұрмыстық бағыт-бағдар беру, әлеуметтік еңбекке үйрету топтарына бөлінген. Байланыс дерегі: + 7 (7172) 547 525, e-mail: info@nurlyzhurek.kz
– Зорлық-зомбылыққа ұшыраған, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге әлеуметтік қызмет көрсететін «Үміт» дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Байланыс дерегі: +7 (7172) 49-78-89, e-mail: centr_07_2013@mail.ru
– «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы психоневрологиялық аурулардан зардап шегетін, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж 18 жастан асқан адамдардың тәулік бойы және тұрақты тұруына арналған. Ақмола облысындағы қарағайлы орман ортасында 350 жанды қанатының астына алған «Қамқор» әлеуметтік орталығы 2005 жылы құрылды. Байланыс дерегі: +7 (7172) 97-81-73, факс:            8 (71638) 2-43-88, e-mail: gu_pmsu@mail.ru
– «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы қиын жағдайға тап болған азаматтарға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық тұрғыда қолдау көрсетеді. Денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек көрсету және тұрғын үй бағдарламалары бойынша ақысыз кеңес алуға болады. Байланыс дерегі: Бейбітшілік, 14. +7 (7172) 27 82 98.
– Сонымен қатар қалада қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және ерекше балаларға арналған оңалту орталығы бар. Мұнда қарттарға, ересектер мен мүгедектігі бар балаларға санаториялық-курорттық емдеу және оңалту қызметтері көрсетіледі.
– Елімізде кез келген бала мен жас көмек сұрап, хабарласа алатын «150» және «111» сенім телефоны жұмыс істейді. Бұл нөмірге қыз-келіншектер де қиын жағдайға тап болғанда хабарласа алады. «150» сенім телефонының WhatsApp-та +7708 106 08 10 нөмірі де бар. Зорлыққа ұшыраған адам «102» нөміріне хабарласып, Ішкі істер департаменті қызметкерлеріне болған жағдайды айтып, арыз қалдырса болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button