Басты ақпаратЖаңалықтарИмантаразы

ҚАЛА ӘКІМІ ДІНИ БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

аким фото дин

Бұрнағы күні Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елордадағы діни бірлестік жетекшілерімен жүздесті.

Орайы келген жылы жүздесу  қала әкімінің дінбасылармен және қаладағы діни бірлестіктердің қызметімен жақынырақ танысу мақсатымен ұйымдастырылды.

Әңгіме барысында Ә.Жақсыбеков Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»  атты халыққа Жолда­уында қазақстандықтар арасындағы ынтымақтастық пен ауызбіршіліктің, этносаралық тағаттылықтың нығаюына айрықша мән берілгенін атап өтті.

Бүгінгі таңда елордадағы діни ахуал қалыпты, діни ұйымдармен қарым-қатынас жолға қойылған, конфессияаралық келісім беки түсуде.

Сол күні, сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің жиналысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, депутаттар мен  қоғам белсенділері қатысты.

Кеңес барысында конфессиялар арасындағы қарым-қатынас, қаладағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдігінің қызметі,  ұлтаралық және конфессияаралық келісімдегі қоғамдық институттардың рөлі кеңінен талқыланды.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті құрылымдарға тапсырма беріліп, 2015 жылға арналған жұмыс жоспары  бекітілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button