Қала мен СалаҚала тіршілігі

Қалаға көрік береді

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша түзілген «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» шебер-жоспарының аясында қала аумағында 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, өзгеше кейіпке енді. Биылдың өзінде елордада 190-нан астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылған.

[smartslider3 slider=845]

Қарбаласқа толы қала тіршілігінен емін-еркін тыныстау үшін демалыс орындарын көптеп салу «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде қалада жаяу жүргіншілерді магнитше тартатын нысандардың саны артты.

«Demalys Promenade» пен «Театральный» бульвары арқылы қала тұрғындары мен қонақтары шаһардың тарихи орталығын Есіл өзенінің жағалауымен байланыстырды.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында аталмыш орындарда демалысында саламатты өмір салтын ұстанғысы келетіндерге қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді.

Қаладағы қоғамдық кеңістіктер желісін кеңейтуде қараусыз қалған нысандарға көптеп мән берілді. Осылайша Триатлон паркінің жанында және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанында көпірдің астындағы қоғамдық кеңістіктерде стритбол және скейт алаңдары пайда болды. Биыл студенттер саябағында «NS street life» көше спортының колизейі өз жұмысына кірісті. Жақында ғана «Атырау» көпірі мен «Ататүрік» атындағы саябақтың астына жаңа скейт-алаңдар пайда болды. Триатлон-саябақта бассейндері бар жасанды жағажай салынды.

Аулаларды абаттандырумен бірге Президенттің тапсырмасы бойынша қала аумағын көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Биыл елордада 1 миллионнан астам жасыл желек  отырғызылды. Триатлон-парк маңының ажарын жөке ағашы мен сирень бұталары ашпақ. «Астана Опера» театрының іргелес аумағына 1000 түп бөртегүл мен 700 емен отырғызылды. Елорда әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық алаңда жаңа сквер сән түзейді. Аумақта сәндік-қолданбалы бұталар мен гүлдер отырғызылып, ландшафт аралдары құрылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button