Ресми бет

Қарымды қаламгер еді

Елімізге белгілі баспасөз қайраткері, саясаттанушы, Қазақстан Журналис­тер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Кенжеболат Жолдыбай 71 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

[smartslider3 slider=2275]

Кенжеболат Жолдыбай әр жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары, Жезқазған облыстық «Білім» қоғамы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы төрағаларының орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ басқармасының басшысы, «Казахстанская правда» республикалық газеті бас редакторының орынбасары, «Заң АК» ашық акционерлік қоғамы Астана қаласындағы өкілдігінің жетекшісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ төрағасының бірінші орынбасары, «Қазақпарат» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті, «Sunna.kz» ақпараттық агенттігінің бас директоры, «Еуразия+ОРТ» бас директорының кеңесшісі, республикалық «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті қызметтерін атқарды.

Кенжеболат Жолдыбай – «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің тұрақты авторы ретінде көптеген сараптамалық материал жазып, қалың оқырманның ықыласына бөленген жан.

«Elorda aqparat» ЖШС ұжымы марқұмның

туған-туыс­қандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button