Елорда тынысы

Көгілдір отынға қосылуға көмектеседі

Елордада жекеменшік секторды газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Қазір Алматы, Сарыарқа аудандары толығымен газдандырылды. Осы мақсатта 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды, бұл желілер 9 елді мекенге жеткізілді. Ал қалған екі аудан бойынша жұмыс­тар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

[smartslider3 slider=2273]

Газдандыру жұмысы қаланың экологиясына оң әсерін тигізеді. Бас қалада ауа температурасы төмендеген күндері қаланы қою түтін тұмшалап тұрады. Бұл – жекеменшік секторлар жаққан көмірден пайда болатын түтін. Қала экологиясының айтарлықтай жақсаруы үшін жекеменшік секторлар толықтай газға көшуі тиіс. Қазір 3 мыңға жуық отбасы өз үйіне газ орнатты. Бұл – осынша отбасы газ жақпайды дегеннің белгісі. Бұл – шамамен 40 мың тонна көмір. Газға қосылатын үйлер саны күн санап көбейіп келеді. Сол сияқты ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығын газға ауыстырылды.

«Жұмысымыздың маңызды бөліктерінің бірі – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету. Газдандыру жұмысы басталғалы осы санаттағы отбасыларға арнап үйін газға көшіру үшін әлеуметтік көмек көрсету тетігін енгіздік. Осы санаттағы отбасыларға бүгінге дейін 90 АЕК мөлшерінде қаржылай көмек көрсетіліп келген, бұл 260 мың теңгеден астам соманы құрайды. Енді әлеуметтік көмек мөлшерін 130 АЕК-ке дейін, яғни 400 мың теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бастама жақын арада қалалық мәслихаттың қарауына енгізіледі. Қаланы газдандыру жұмысы тікелей Мемлекет басшысының бақылауында» деді қала әлімі Алтай Көлгінов.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button