Sport

Театрлар турнирі

«Алау» мұз айдынында «Жастар» театрының 15 жылдық мерейтойына және көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың 75 жасқа толуына орай театрлар арасында волейболдан турнир өтті. Оған бас қаладағы театрлар мен ­Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы қатысып, ала допты алақанда ойнатты.

[smartslider3 slider=2272]

Шара шымылдығын Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жакенов құттықтау сөзбен ашып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. «Жастар» театрының директоры Әділ Ахметов те жарыстың мақсатына тоқталып, профессор Н.Жақыпбайдың дұғай сәлемін жеткізді. Әрі шараға қолдау білдірген шаһар әкімдігіне алғысын білдіріп, мұрындық болған Мәдениет басқармасына ризашылығын айтты.

Алғашқы ойын «Наз» мемлекеттік би театры мен Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры араларында өтті, нәтижесінде Әзағаң театры турнирді жеңіспен бастады.

Бір күнге созылған доп додасы тартысқа толы болды. Сахна саңлақтары спортта да осал еместігін аңғартты. Жарыс қорытындысы бойынша «Жастар» театры 1-орынды, Мемлекеттік академиялық филармония 2-орынды, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры 3-орынды иеленді. «Наз» мемлекеттік би театры­ның әртісі Ержан Құдайбергенов турнирдің «Үздік қорғаушысы» атанса, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының актері Аманжол Әділет «Үздік шабуылшы», Қуыршақ театрының актрисасы Мөлдір Айтышева «Үздік ойыншы» деп танылды. Музыкалық жас көрермен театры «Нұрқанат Жақыпбай» атындағы номинацияға лайық болды.

Байжан ЕМБЕРДІ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button