Қала тіршілігі

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайық!

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинмен өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын бақылауды күшейту мәселесін талқылады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

– Бүгін ТЖМ Юрий Ильинмен өрт қауіпсіздігі шараларының, пеш жабдықтары мен газ баллондарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды күшейту талқыланды. Сондай-ақ елордалық ТЖД материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері талқыланды.
Қалада өрт қауіпсіздігі айлығы аясында 16 мыңнан астам үй тексерілді, оның ішінде жеке тұрғын үй секторында 5 мыңға жуық заң бұзушылық анықталып, бақылауға алынды.
Газ баллондарын пайдаланатын нысандарды жоспардан тыс тексеру үшін ведомствоаралық комиссия құрылды. Топ мүшелері газ баллондарын қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану бойынша нұсқама өткізеді. 2,5 апта ішінде мамандар 100 нысанды тексерді. Бұл – газ баллондарын пайдалануды бұзған жағдайда халықтың өмірі мен денсаулығына ықтимал қауіп төндіретін объектілер. Аталған жұмыс тобына ТЖД, ПД, тұрғын үй инспекциясының, аудандық әкімдіктердің, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің және т. б. өкілдері кіреді. Тұрғындар да, кәсіпкерлер де барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмеуі керек» деп жазды Алтай Көлгінов.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button