Жаңалықтар

ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ҮРДІСТЕРІ

20150910132221

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Орталық Азиядағы қауіпсіздік саласының үрдістері» тақырыбында халықаралық конференция өтті. 

Конференцияны кітапхана қызметкерлері Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияны зерттеу және Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталықтарымен бірлесіп ұйымдастырды.

Алқалы жиынға Америка Құрама Штаттары мен Үндістан, Ауғанстан, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа елдерден келген сарапшылар, қоғамдық ұйым өкілдері мен журналистер қатысты.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Т.Шаймергенов ашып, «Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығымен бірлесіп Орталық Азияның дамуы бойынша сараптамалық баяндамалар әзірленді. Аталған баяндамалар аймақтың даму әлеуетін және әлемдік экономикаға терең интеграция арқылы қолжеткізетін пайдалы аспектілерді, сонымен бірге еуразиялық кеңестіктің трансформациясы астарында жатқан бірегей мүмкіндіктерді айғақтайды» деді.

Бұдан кейін ҚР Президенті әкімшілігі кеңсесі басшысының орынбасары Б.Темірболат құттықтау сөз сөйлеп, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияны зерттеу жөніндегі Орталықтың деканы Р.Кангас, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының Ресей мен Еуразия бағдарламалары жөніндегі директоры Дж. Манкофф, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының кибер-қауіпсіздік жөніндегі жетекші сарапшысы, доктор У.Картер баяндама жасады.

Шешендердің сөздерінде Казақстанның сыртқы саясаты мен аймақтағы бастамалары жан-жақты қарастырылып,  Ресей, Қытай, Еуропалық Одақ және АҚШ секілді алпауыт мемлекеттермен сәтті байланыстарға айырықша көңіл бөлінгендігі айтылды.

 Еліміздің Орталық және Оңтүстік Азия, Иран, Түркия елдері бойынша жүргізелетін сыртқы саясаты талданып, еуразиялық ынтымақтастықтағы оңтайлы рөлі ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ, сарапшылармен еркін сұхбат жүргізіліп, аудиториядан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берілді.

 Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button