Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ ЖОЛЫ ТАЛҚЫЛАНБАҚ

Бүгін-ертең Астанада «Еуразия ХХІ ғасырда: жаңару арқылы көшбасшылық ету» тақырыбында дамып жатқан нарықтардың ІІ Еуразиялық форумы өтеді. Ол туралы кеше ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткізген дәстүрлі брифингте хабарланып, форумның мақсаты жайлы жан-жақты мәлімет берілді.

Алдымен Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев мұндай форум Қазақстанда және бұрынғы Кеңес одағы елдері кеңістігінде тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқанын, оған Солтүстік Америка, Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Африка, ТМД елдерінен 200-ден астам сарапшы келіп қатысатынын, олардың арасында белгілі саяси қайраткерлер, бизнес өкілдері болатынын жеткізді.

Форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050: әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру» тақырыбында сөз сөйлейді деп күтілуде. Басқосуда да негізінен осы мәселе, яғни, Қазақстан экономикасы мен қоғамының болашақтағы дамуы талқыланбақ. Оны өткізу барысында әлемнің жетекші сарапшылары дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен бөліспек. Ай­тылған ұсыныстар мен пікір­лер Үкімет әзірлеп жатқан Қа­зақстанның 2050 жылға дейін дамыған елдердің қатарына ену­дің тұ­жырымдамасында ес­керілетін болады.

Дамып жатқан нарықтардың ІІ Еуразиялық форумының тең төрағасы Хариндер Коли Еуразиялық форумды өткізудің мақсаттарына тоқталды. Оның айтуынша, дамып жатқан нарықтар арқылы тұтас әлемге оң әсерін тигізуге болады. Х. Колидің ойынша, бүгінгі таңда дамып жатқан нарықтар ғаламдық ІЖӨ-нің 40 пайызына жауап берсе, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 70 пайызға дейін көтеріледі.

Брифингтің тағы бір қонағы – «Назарбаев Университеті» АҚ президенті Шигео Катсудың пікірінше, Қазақстан дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену үшін өмір сапасын арттырып, ел халқын мемлекеттің даму үде­рісіне тартуы қажет.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button