Жаңалықтар

«Қазақтану» пәні енгізілсе…

Қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақтану – ел бірлігінің негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен «Қазақтану» жобасының басты міндеттерінің бірі – жалпы мәдени код, бірыңғай құндылықтар және барлық қазақстандықтардың этникалық қатыстылығына қарамастан тарихи сана негізінде халық бірлігін нығайту екенін атап өтті. «Жобаның тағы бір міндеті – өзара іс-қимыл саласын кеңейту және этностар коммуникациясының жаңа арналарын жандандыру, ортақ тарихымыз негізінде бірлікті нығайту» деді ол.
Конференцияда қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап Абай шығармаларын орындау бойынша челлендж өткізілді. Елордалық этномәдени бірлестіктер «Көзімнің қарасы» әнін шырқаған соң, эстафетаны Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясына тапсырды.
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша қарар қабылданды. Іс-шараға қатысушылар Елбасының «Қазақтану» ҚХА жобасы негізінде ЖОО-да «Қазақтану» пәнін енгізу, ҚХА мектептері мен этнолингвистикалық орталықтарында үйірмелер ашу, этностарды Қазақ қолөнері мен кәсіпшіліктеріне оқыту бойынша Достық үйлері жанындағы шеберлік-сыныптар мен курстар туралы ұсыныстар енгізді.
Конференцияға Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, сондай-ақ Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, шығармашыл зия­лы қауым, елордалық этномәдени бірлестіктер, ҚХА жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button