Қоғам

Ерен тұлғаға – ел құрметі

 

 

Дарxан МЫҢБАЙ, Мәжіліс депутаты:

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: БІЗДІҢ ӨЗ ДӘСТҮРІМІЗ БАР

– Әлем танып, мойындаған «Қазақстан жолы», «қазақ­стан­дық модель» деген ұғымдар бұрын бізде болып па еді? Бұл – тәуелсіздік жылдары қол жет­кен қажырлы еңбектің, ты­ным­­сыз тірліктің, ырысты ын­тымақтың жемісі. Ал өз жолы бар мемлекеттің өз дәс­түрі, өз құндылықтары болуы – табиғи нәрсе. Біз шет xалық­­тардың салтына, дәстүр не оды­­раймай, әжуа-мысқылмен емес, құрметпен қарап үйренген елміз. Бұл қасиетімізді бағалаған алыс-жақыннан келгендер арнайы зерттеп те жүр. Сондықтан адамды, оның құқығын қадірлеуде де, жер-су, қала атауын қастерлеуде де біз ешкімнен кем емеспіз.
Осы тұрғыдан келгенде, xалқымыз Астана мен Елбасы біте қайнасқан ұғым екенін біледі. Оның үстіне, Астана атауын берген, яғни жаңа топонимиканың бас­тамашысы – Елбасы. Біздіңше, бір-біріне синоним тектес, бір-бірін толықтыратын ұғымдар дүние жүзінің картасына түссе, одан Қазақстан тек ұтады. Елбасы – Нұрсұлтан есіміне әлемдік жаңа мағына берген тұлға.
Жалпы, біз Астана брендін көп айтамыз. Оны жасаған – Елбасының табандылығы мен халқымыздың береке-бірлігі. Біз елдік, мемлекеттік идеяға топтассақ, елордамыздан бастап кез келген қаламыздың атауын әлемдік брендке айналдыра аламыз.
Тағы бір ел азаматтарын тол­ғандырып жүрген ой – дәл қазір дәстүріміз түгіл, өркениетті Еуразиялық таным қабылдамай жатқан Петропавл мен Павлодар атауын бірін «Достық», екіншісін «Ынтымақ» (мысал үшін айттық) деп қатар өзгертіп жіберсе, халық барлық жаңа атау­ды (өзгерістерді) тәуелсіздік пен рухани жаңғыру тұрғысынан ықыласпен қабылдар еді. Сәтін салып, Қазақстанның мемлекеттік тұғырын бекемдеген отыз жылдың бедеріндегі биігімізді одан әрі асқақтата түсетін мұндай маңызды қадамдар елдің бірлігін арттырып, мерейін көтеретіні сөзсіз. Қазақта «Ынсап сайын – береке» деген сөз бар. Елорда немесе Елбасы негізін қалаған астана байырғы Бозоқ қалашығы маңында һәм ерке Есілдің жағасында тұрып, арттағы мыңжылдықтарға қарап «тәуба!» дейтініне, алдағы мыңжылдықтарға көз тігіп «тәуекел!» дейтініне сеніміміз зор.

Зәуре ЖҮСІПОВА, қалалық мәслихат депутаты:

ТАРИХИ ЕҢБЕГІНЕ – ЛАЙЫҚТЫ БАҒА

– Ширек ғасыр бұрын Нұрсұлтан Назарбаев астананы көшіру туралы тарихи шешім шығарды. Елорда құрылысындағы Елбасының үлкен үлесін бүгіндері ешкім жоққа шығара алмайды. Соның арқасында бас қаламыз халықаралық саммиттер мен жаһандық кездесулерді өткізетін әлемдік ірі орталыққа айналды.
Қала тарихында, оның құры­лысында, әлемге танылуында Тұң­ғыш Президентіміздің алатын орны өте зор. Біз бәріміз мұны жақсы түсінеміз. Қазіргі және келешек ұрпақ өкілдері Елбасының саяси мұрасын қадір тұтып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи еңбегіне лайықты құрмет көрсетуі орынды деп ойлаймын. Елбасының халқымызға және әлем қауымдастығына сіңірген ерен еңбегін, ұлы есімін естен шығару мүмкін емес. Бұл халқымызды, әсіресе жастарды тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеп, Елбасының даңқты қызметін әділ бағалау үшін маңызды. Сондықтан астананың Нұр-Сұлтан атануы заңды деп есептеймін. Бұл атау әдемі естіледі. «Елбасы мен елорда – егіз ұғым» деп көп айтамыз, ендеше тарихи әділеттілік енді орнады.

Сәдібек ТҮГЕЛ,  журналист-жазушы:

ҚҰРМЕТ ПЕН РИЗАШЫ­ЛЫҚ КӨРІНІСІ

– Арқаның ару қаласы Астанаға Нұр-Сұлтан атауының берілуін өте орынды шешім деп санаймын. Тұңғыш Президентіміздің осындай елорданы жасауы, астанамызды әлем тануы – XX ғасыр мен XXI ғасырдың өліара мезгіліндегі қазақ тарихына алтын әріппен жазылатын ең елеулі оқиға.
Қазақстанның астанасын Арқаға көшіріп, Есілдің жағасынан заманға лайық әсем қала салу идеясы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Елорданы ауыстыру шешімі 1994 жылы 6 шілдеде қабылданды. Ресми көшіру 1997 жылдың 10 желтоқсанынан басталды. 1998 жылғы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді де, тұсаукесері 10 маусымда өтті. Мен содан бері елордадағы қайнаған өзгерістің ішінде жүрдім. Талай айтулы өзгерістеріне куә болдым. Қысқа мерзім ішінде ел таңданатындай айтулы қала салу, егемен елдің ертеңі үшін осындай ұлы қадам жасау – қазақтың қайсар ұлы
Назарбаевтың парасаттылығының арқасы. Сондықтан елордамыздың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту Елбасының ерен еңбегін құрметтеу, оны халық жадында мәңгі сақтау үшін жасалған парасатты шешім деп есептеймін.
Қазір елорданың аты тәуелсіз Қазақстанмен қатар аталады. Тәуелсіздік Қазақстан халқына береке-бірлік пен дамудың жаңа жолын көрсетті. Әлем тарихындағы маңызды оқиғалардың елордада өтуі де қаланың абыройын тіпті асқақтатып жіберді. Сондықтан бас қала – бар қазақтың мақтанышы, жаңа мемлекет құру жолындағы үкілеген үміті. Оның атауын Нұр-Сұлтан деп жаңаша атау да Елбасына жасалған құрмет пен ризашылықтың көрінісі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button