ЖаңалықтарҚала тіршілігі

САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН ТАБЫСТАДЫ

2dad0f2d57ac5a7780234c6dd79

«Назар аударыңыз – балалар!» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Автоконтроль.кз» және «АСКО» сақтандыру компаниясымен бірлесіп №2 орта мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған «Алыстан көрінген адам аман қалады» акциясын өткізді.

Шара барысында оқушыларға төрт ай мерзімге өмірді және денсаулықты бақытсыз жағдай­лар­дан, жол-көлік оқиға­ларынан сақтандыру полистері, сонымен қатар, жолдорбалар мен сөмкелерге жабыстыруға арналған жарық шағылыстыратын қапшықтар берілді. Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы осындай шараларды басқа да мектептерде өткізетін болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button