Жаңалықтар

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

IMG_2811

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің профессорлық-оқытушылық құраммен және студенттермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ құру мәселесі мен жаңа ықпалдастық бірлестігі шеңберінде Қазақстанды одан әрі өркендетудің келешегі талқыланды.

Өз дәрісінде Бауыржан Байбек Еуразиялық эконо­микалық одаққа қатысудан қара­пайым қазақстандықтарға тиетін пайда туралы айта келіп, азаматтар тұтынатын өнім мен қызмет көрсету сапасы, бәсекелестік есебі­нен олардың бағаларының арзан­дауы, жаңа жұмыс орындарын құру, адам капиталы қозға­лы­сының еркіндігі сияқты эконо­ми­калық ықпалдастықтың артық­шылықтарына жеке-жеке тоқталды.

Шараға қатысқан Ұлттық кәсіп­керлер палатасы басқарма төраға­сының бірінші орынбасары Рахым Ошақбаев өз сөзінде: «Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде үш ел бизнес жүргізу үшін, ең қолайлы жағдайлар жасау үшін, ең жақсы орта климаты үшін адал бәсекеге түседі. Мұнда Қазақстан сөзсіз көшбасшы болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін тарту үшін біздің осы бәсекеде жеңіп шығуымызға барлық мүмкіндіктер бар» деді.

«Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еура­зиялық ықпалдастықтың маңызды қырларын түсіндіру мақ­сатында студенттік активтермен және оқытушылармен осындай кездесулер еліміздің барлық өңірлерінде өткенін атап кеткен жөн.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button