Жаңалықтар

Шалғайда ашылған орталық

Көктал-2 ықшам ауданындағы №68 орта мектепте Оқушылар сарайының «Шұғыла» атты қосымша білім беру орталығы ашылды. Іс-шараға ҚР Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, Көлік және коммуникация колледжінің директоры, мәслихат депутаты Зұлпыхар Гаипов секілді азаматтар қатысты.

«Бұл – білім ордасы қаланың шет жағында орналасқан. Сондықтан балалардың қосымша білім алуға мүмкіндігі бола бер­мейді. Осы мақсатта аталған орталықты ашып отырмыз. Енді оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, спортпен айналысуға кең жол ашылады деп ойлаймын. Алдағы таңда осындай орталықты шаһардың шетіндегі басқа мектептерден ашу көзделіп отыр» деді Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.
Жаңа орталыққа Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева да ізгі лебізін білдірді. Орталықта робототехника, 3D модельдеу, хореография, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, вокал, халық аспаптары, ағылшын және қытай тілдерін үйрену үйірмелері мен тоғыз­құмалақ, шахмат, футбол, бас­кетбол, волейбол, дзюдо секілді спорт секциялары жұмыс істейді. Жеткіншектерге сабақты Оқушылар сарайының білікті мамандары жүргізеді.
Қазір орталық аптасына 1000-ға жуық баланы қосымша білім берумен қамтуды жобалап отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button