Мәдениет

«Шаттық-2024» мәресіне жетті

Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен XVII «Шаттық – 2024» балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық  шығармашылық байқауы қорытындыланды.

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының сахнасында   шығармашылық байқаудың барлық жанрлары бойынша алтын статуэтка, диплом тапсырылып, сертификат иелерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға 103 білім беру мекемесі қатысты. Үздіктер атағын 7 мыңнан астам  қатысушы қорғады. 71 алтын статуэтка, 93 күміс статуэтка, 116 қола статуэтка, 378 диплом, 360 сертификат балалар мен ұжымдар арасында тартысқа түсіп, 600-ден астам педагог сертификат алды.

Елордада жыл сайын белсенді, шығармашыл, креативті, дарынды балаларымыздың саны көбейіп келеді, биылғы жылы 3000-нан астам қатысушы жүлделі орындармен марапатталды.

XVII «Шаттық-2024» балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық шығармашылық байқауының Гала-концерті 2024 жылдың 26 сәуірінде Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. «Жолымыз бір» концерт-манифесінің негізгі бағытының бірі – идеологиялық жұмыс. Концерттегі мәдени бағдарламаның басты құндылықтары Президентіміздің Ұлттық Құрылтайда алға қойған тапсыр­малары – тәуелсіздік пен патриоттық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заңдылық пен тәртіп, еңбек пен кәсібилік, шығармашылық пен жаңашылдыққа үндес келетіндігін айту қажет. Бұл ретте байқауда жұлдызы жанып, қуанған шығармашыл балалардың шаттығы талай жүрекке от беріп, болашағына шамшырақ болып жағылары сөзсіз.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button