Елорда тынысы

Шеберлік сабағында – дәрігерлер

Елордада №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында травматология және анестезиология саласында тәжірибе алмасу бойынша шеберлік сабағы өтті.

Емхана базасында өткен шеберлік сабағына белгілі дәрігер, травматолог-ортопед, Қызыл Крест атындағы Қорған облыстық балалар клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Анатолий Коробейников, анестезиолог-реаниматолог, Қорған қаласындағы академик Илизаров атындағы травматология және ортопедия Ұлттық медициналық зерттеу орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Вадим Евреинов арнайы шақырылды. Ота жасау барысында олар балаларға жалпы анестезияның «ауыр» түрлерін қолданбай-ақ, заманауи-өткізгіш, аймақтық жансыздандыру, эпидуральды анестезия қолданады. Бұл – көптеген шет мемлекеттерде қолданылатын анестезияның заманауи түрі.

– Ата-аналар ота жасау барысында жалпы наркоз салдырғаннан қорқады, дәрігерлер отадан кейінгі асқынудың болмағанын ойлайды. Осы тұрғыда, бұл әдіс өте тиімді және ол Еуропада кеңінен таралған. Ал бізге енді келіп жатыр. Бұл әдістің мәні – ота жасалатын дене бөлігін ғана жансыздандыру, бала бұл кезде ұйықтап жатады, бірақ өзі табиғи демалады, оған жасанды өкпемен демалдыру аппаратын қосудың қажет жоқ. Сонымен қатар бұл әдістің артықшылығы, отадан кейін бала оянғанда оның еш жері ауырмайды, сондықтан бұл ретте балаға отадан кейінгі бастапқы кезеңде салынатын анельгетиктер қолданбаймыз. Осы бағытта жинаған тәжірибемізді бөлісуге келдік, – дейді Анатолий Коробейников.

Шеберлік сабағында елордалық дәрігерлер біліктілігін арттырды. Солардың бірі – дәрігер-травматолог-ортопед Олжас Байназаров.

– Бүгін бізге Қорған қаласынан екі дәрігер келіп жатыр. Олар балалардың аяқ, қол сынығына отаны ағзасына көп зиян келтірмей отырып жасауды үйретуге келді. Отадан кейін балалар гипспен ұзақ жүргенше қозғалғаны маңызды, яғни мұндай отадан кейін олар гипспен 1-2 ай жатпайды, бір аптадан кейін жүре бастайды. Көптен бері мұндай шеберлік сабақтары бірінші рет өтіп отыр, – дейді ол.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button