Жаңалықтар

Сиқырлы сәуле сыры

Кеше «Бәйтерек» монументі алаңы мен ғашықтар саябағында Наурыз мейрамын тойлауға арналған салтанатты жарық шашу шоуы басталды. Көрермендердің қатарында қисап жоқ. АҚШ, Бельгия және басқа да дамыған мемлекеттердің тұрғындарын таңқалдырған бұл бірегей дүние енді елорда жұртшылығын сәуірдің 1-іне дейін баурайтын болады.

Көріністі жасаған жарықтандыру саласының әлемге әйгілі дизайнері – Курт Вермюлен. Жалпы, төрт бельгиялық дизайнер оны таңғажайып әлемге біріктіріп, OVO-мультисенсорлық көркем инсталляция жа­­сап шығарған. Odebios компаниясының мүсіншілері Мос­­тафа Хади мен Пол Марчандисе о баста терең қиял­­дап, «алтын қима» негізінде монументальды ағаш жұмыртқа жобасын ойлап тапты. АСТ lightning design-тен жарық беруші суретші Курт Вермюлен мен сценографшы Маркос Виналс Бассолс болса, ани­­ма­­циялық және динамикалық жарық түсіріп, жалпы пішінге жан бітіргендей әсер қалыптастырған. Біз жа­рық шашу шоуын тамашалай жүріп, осы талантты «төрт­тіктің» бірі Маркос Виналс Бассолсты аз-кем әң­­гімеге тартып көрдік.

«Таңғажайып қойылымымыз өзінің әсемдігімен көрермендерді таңқалдыруы тиіс. Себебі, дизайнердің шығармашылығы, сәулет жобаларының табиғаты мен жаңашылдықтарын қабылдау шеберлігі –техникалық тұрғыдан бірегей туындыны дүниеге әкелуге қабілетті…» дейді Маркос.

Демек, Қазақстан елордасының төріндегі мына жарық шашу шоуының анау-мынау еместігі айқын. Көрер көзді тұңғиық тылсымымен тартатын сиқырлы сәулелері жұртшылықты бір сүйсінтпей қоймайды.

Еркеш БОЛАТҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button