Жаңалықтар

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК САНАТЫНДА

Қытай Халық Республикасы – Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі болып табылады.­ Екі ел арасында көршілік және достық рухындағы жан-жақты ынтымақтастық қарқынды дамуда. 
2012 жылдың қорытындысы ҚХР мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың көлемі 24 млрд 500 млн АҚШ долларына жетіп отырғандығын көрсетті. Осы күндері екі елдің сауда-экономикалық және саяси қарым-қатынастардың бүгіні мен келешегі талқылануда. Сол мақсатпен елімізге ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И келген. Кеше ол ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовпен және мемлекетіміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен келіссөздер жүргізді.
6-7 қыркүйекте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен елімізге ҚХР төрағасы Си Цзиньпин тұңғыш ресми сапармен келеді деп күтілуде. Бұл туралы және ағымдағы аптада билікте атқарылатын маңызды істер жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев дәстүрлі брифингте мәлімдеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button