ЖаңалықтарҚұқық

Талап күшеймей, тәртіп түзелмейді

Астаналық полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда темекі шегу мен ішімдік ішу, қоқыс тастау секілді ұсақ бұзақылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын орнату мақсатында біраз жұмыстар жүргізіп жатыр.

000000000000

Арнайы жұмыстар барысында тамыз айынан бері 800-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Алкогольдік ішімдік ішкен немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келген 214 адам ұсталды. 73 адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда темекі шеккен тағы 87 тәртіп бұзушы жазаланды. Сонымен қатар, 240 тыныштықты бұзу және 117 абаттандыру ережелерін бұзу фактісі анықталған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button