Басты ақпарат

Талаптансаң, жұмыс табылады

Нұр-Сұлтан қаласында ­«Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы» ақпараттық жүйесі іске қосылғалы еңбек нарығындағы жағдай жақсара түсті. Соның бір айғағы – жыл басынан бері 9 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.


Жақында осы мәселенің мән-жайын айқындау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимовтың төрағалық етуімен инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс және тұрғын үй саясаты, қалалық ортаны регенерациялау, тілдерді дамыту және архив ісі, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, білім, қоғамдық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының және жұмыспен қамту орталығы басшыларының қатысуымен жиын өтті. Басқосуда мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру мәселесін талқылады. Құрылатын жұмыс орындарын жү­йелендіруді және есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық пен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, сондай-ақ жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын қабылдаған болатын.
Бүгінгі таңда министрлік әзірлеген «Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы» ақпараттық жүйесі жұмыс орындарын құрудың нақты жағдайын бейнелеп отырғанын айтуға тиіспіз. Бұл ретте жүйенің жұмыспен қамту саясатын іске асыру бөлігі мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілін қамтамасыз етеді.
Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы жұмыс орындарын құру жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Жұмыс орындарын құру, дербес жауапты тұлғаларды айқындау және «Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу тұрғысынан мемлекеттік, салалық пен жеке бастамашыл бағдарламалар әкімшілеріне тапсыр­малар жүктелді. Жалпы, жыл басынан бері елордада 8846 тұрақты жұмыс орындары құрылған. Әкімдік тарапынан халықты жұмыспен қамту жөнінен жан-жақты шаралар ұйымдастырылып, жұмыс іздеген адамдарға қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынып отыр.
Ертең елордада өтетін жұмыс жәрмеңкесінде 2000 бос жұмыс орны ұсынысқа шығарылады. Жалпы, қала бо­йынша бүгінде 7000-нан аса вакансия бар. Олардың 58 пайызында жалақы мөлшері – 100 мың теңгенің үстінде. Түптеп айтқанда, талаптанған адамға қалалық жұмыспен қамту орталығынан кеңес те, көмек те алуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button