Қоғам

Тарифті төмендету талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында Мирас Шекеновтің төрағалығы­мен Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Бірінші мәселе бойынша Отын-­энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев пен Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін Өтебаев баяндама жасады.
Депутаттар тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі бастамашыл топтың басшысы ­М.Бөлекбаев елорда тұрғындарының электр энергиясының тарифін төмендетуге қатысты өтінішін қарады.

Сондай-ақ тұрақты комиссия отырысында Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы «Астана қаласы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі талқыланды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев баяндама жасады.
Тұрақты комиссия отырысына қала аудандары әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button