Экономика

ТАУАР АЙНАЛЫМЫ – 24,2 МЛРД ДОЛЛАР

PR20101209220358

Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы серіктес елдермен (Ресей және Беларусь) тауар айналымы соңғы төрт жылдың ішінде 24,2 млрд долларға дейін өсті деп хабарлайды­ Trend.

«Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіне тартылған инвестициялар көлемінің ұлғаюы республиканың Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік бойынша серіктес елдермен тауар айналымына оң ықпал етуде. Айталық, Қазақстанның серіктес елдермен тауар айналымы 2009 жылдан 2013 жылға дейін 88,3 пайызға өсіп, 24,2 млрд долларға жетті» дейді ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бакенов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Кеден одағы елдерінде экспорт көлемі 62,7 пайызға ұлғайғаны байқалып отыр. Кеден одағы елдерінде жалпы экспорт көлеміндегі өңделген тауарлардың үлесі 44,9 пайыздан 54,6 пайызға дейін өсті (2013 жылы 3,2 миллиард доллар).

Сонымен қатар, дайын тауарларды жеткізу көлемі 1,2 миллиард долларға дейін, яғни, екі есе артуы есе­бінен өңделген тауарлардың жалпы экспорт көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 10,3 пайызға өсті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button