Жаңалықтар

Техникаға жақын жеткіншектер

Астанадағы Оқушылар сарайында «Білім шыңы» атты ашық қалалық чемпионат өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың техникалық шығармашылығын дамыту. Чемпионаттың ашылуында Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай техникалық салаға жас ұрпақты мектеп табалдырығынан бастап баулудың маңыз­ы туралы айтты.
Білім сайысы екі бағыт бойынша ұйымдастырылды. Бірінші – робототехникалық жарыс. Мұнда оқушылар «Кегельринг-квадро», «Түзу бойымен жарыс», «Арқан тартыс», «Сумо» аталымдары бойынша сынасты. Оған қаладағы 43 мектептен 156 оқушы қатысты. Екінші – техникалық шығармашылық бойынша көрме-байқау. Бұған мектептен 126 оқушы қатысып, олардан 60 жұмыс түскен.
Шара барысында жарыстың талабы мен күрделілігіне қарамастан оқушылар өз білімдерін жақсы көрсете білді.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша, бас жүлдені №58 мектеп-гимназиясының оқушылары қанжығасына бөктерді. Бірінші орынды Оқушылар сарайының жеткіншектері жеңіп алды. Екінші орынды №72 және №60 мектеп-лицейі иеленді. Үшінші орынды №76 және №54 мектеп-лицейі мен «Шұғыла» орталығының жасөспірімдері қанағат тұтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button