Қоғам

«Tengri Bank» АҚ өз клиенттеріне қандай кепілдіктер ұсынады?

Кепілдіктер – «Tengri Bank» АҚ негізгі және алдыңғы қатарлы өнімдерінің бірі. Қаржы ұйымы кепілдіктердің төрт түрін ұсынуға дайын, ал Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігінің банкке берген «В2» рейтингі және тұрақты болжамы клиенттерге ірі ұлттық компаниялардың тендерлері мен сатып алуларына қатысуға мүмкіндік береді.

«Tengri Bank» АҚ Нұр-Сұлтан қ. филиалының директоры – басқарушы директор Расул Сагидрахманович Косанов мәлімдегендей, «Tengri Bank» АҚ клиенттері кепілдіктердің келесі түрлеріне: тендерлік, халықаралық, міндеттемелерді орындау кепілдіктері мен аванстық төлемді қайтару кепілдіктеріне ие бола алады.

Одан бөлек, «Tengri Bank» АҚ шетелде жұмыс істейтін Қазақстан компаниялары үшін халықаралық кепілдіктерді шығаруда мол тәжірибеге ие.

«Tengri Bank» АҚ-на кепілдіктер үшін жүгінгендерге ағымдағы шот тегін ашылады, оларға жедел қызмет көрсетіледі. Оған қоса, клиенттер географиясын кеңейтуге және Банк-Клиент сервисі арқылы тұтастыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін электрондық кепілдіктерге ие болу мүмкіндігі де қарастырылған.

Банк қызметкерлері клиенттерге барынша ыңғайлы жағдай жасауда және бір сағат ішінде қажетті кепілдікті шығару бойынша шешім қабылдайды.

Сандар туралы айтатын болсақ, 2019 жылдың басынан бастап Банктің Нұр-Сұлтан қ. филиалында клиенттерге жалпы сомасы 759 799 013 теңгеге 166 тендерлік кепілдік, 9 222 483 873 теңге сомасына 130 постендерлік кепілдіктер шығарылған.

Расул Сагидрахманович соның нәтижесінде клиенттеріміз жол құрылысы (автобандар, қала жолдары), тасымалдау саласында (автокөлік, теміржол), инфрақұрылымдық жобалар (электр желілерінің, инженерлік желілердің, құбырлардың құрылысы және оларды жөндеу), әлеуметтік нысандар құрылысы (мектептер, балабақшалар), денсаулық сақтау саласында (ауруханалар құрылысы және жөндеу, жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді жеткізу), туристік салада (шетелге шығатын туристердің қауіпсіздігі мен оралуына кепілдік беру мақсатында, Қазақстан лагерьлерінде балалар демалысын ұйымдастыру) жобаларын жүзеге асыруға кірісіп кеткенін атап өтті. Банктің жоғары рейтингі клиенттерге мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы құрылымдар мен мемлекеттік, соның ішінде Азия даму банкі 15 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыратын халықаралық келісімшарттар аясындағы сатып алуларға қатысуға жағдай жасауда.

«Жоғарыда көрсетілген сандар «Tengri Bank» АҚ осы өнімге баса назар аударатынына және кепілдікті шығаруда клиенттерге әркез көмектесуге дайын екеніне дәлел», – деп атап өтті банктегілер.

Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігі банкке тұрақты болжам мен «В2» рейтингін бергенін атап өткен жөн, соның арқасында «Tengri Bank» АҚ клиенттері тендерлер мен сатып алуларға еш кедергісіз қатыса алады.

Сізді филиалымызда төмендегі мекен-жай бойынша күтеміз:

Нұр-Сұлтан қ., Д.Қонаев к-сі, 4,

Телефон: +7 (7172) 47 68 84, ішкі тел. 4206

Нұр-Сұлтан қ., Т. Бигельдинов к-сі, 5

Телефон: +7 (7172) 47 68 84, ішкі тел. 4215

Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан 8А (Түркістан БО)

Телефон: +7 (7172) 47 68 84, ішкі тел. 4257

ЦБО 3 – БЦ Иманова 

Нұр-Сұлтан қаласы А.Иманов көшесі, 13. ( «Нұрсәулет» БО) тел: 47 68 84 ішкі 4218

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button