Жаңалықтар

Тіл тазалығын сақтайтын уақыт жетті

Қалалық әкімдікте «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» жобасы аясында елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың төрағалығымен жиын өтті.

Бұл жиында шаһардағы Тіл туралы заңның орындалуы, жарнамадағы қателіктерді түзету секілді мәселелер сөз болды.
Тілдерді дамыту және архив ісі бас­қармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев елордада мемлекеттік тілдің аясын кеңейту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Биыл «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» атты жобаны бастадық. Жоба арқылы тек мемлекеттік органдарды ғана емес қала тұрғындарын да тілдің тазалығын сақтауға жұмылдырып отырмыз. Осы ретте шаһардағы рұқсатсыз ілінген, заң талаптарына қайшы келетін сыртқы жарнаманы анықтау, зерделеу, талдау мақсатында бес жұмыс тобы құрылды. Олар сәуір-мамыр айында 70-ке жуық көшені аралап, шағын және орта бизнес субъектілерін сыртқы жарнамасы мен көрнекі ақпараттарына сараптама жүргізді. Акция барысында Сарыарқа ауданынан – 350 нысан, Алматы ауданынан – 500 нысан, Есіл ауданындағы 150 нысанның сыртқы жарнамасы заң талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Сонымен бірге заңға сәйкес емес 400-ден астам жарнама, көрнекі ақпарат алынып тас­талды. Және шаһардағы жекеменшік балабақшалардың сыртқы жарнамасы мен көрнекі ақпараттары да сын көтермейді, – деді басқарма басшысы
Жиында оқылған баяндама мен айтылған пікірлерді қорытқан Малика Бектұрова аталған жобаның екінші кезеңін бастауға және бұған мемлекеттік органдар басшылары мен аудан әкімдері жауапкершілікпен қарауды міндеттеді.
– Аудан әкімдері өз аумақтарыңыз­дағы пәтер иелері кооперативтері төрағаларымен кездесіп, тіл саласындағы заң нормаларын қатаң сақтайтын уақыт жеткенін түсіндірулеріңіз керек. Сондай-ақ жекеменшік балабақшалар мен оқыту орталықтарындағы тіл мәселесіндегі кемшіліктерді Білім басқармасы, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен бірлесіп түзеңіздер. Бұл жұмысты бір ай ішінде атқаруды жүктеймін. Жолаушылар көлік басқармасына қатысты да сын-ескертпелер көп. Әлеуметтік желілер арқылы шағымдар жиі түседі. Осыған байланыс­ты қоғамдық көлік пен аялдамалардағы қате­ліктер мен заңсыздықтарды түзету жұмыстарын шұғыл қолға алуды тапсырамын, – деді әкім орынбасары.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button