Әлеумет

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ КЕҢЕЙЕДІ

2030 жылға қарай Астана қаласының тұрғын үй қоры 37 миллион шаршы метрге жетуі керек. ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысының барысы мен тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту шаралары тақырыбындағы дөңгелек үстелде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун осылай мәлім етті.

тұрғын үй

– 2030 жылға қарай Астана қаласының халық саны 1 мил­лион 220 мың болғанда, елордадағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 37 миллион шаршы метрге жетуі тиіс. Бұл ретте бір тұрғынға 30 шаршы метрден келетін норма қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда Астананың тұрғын үй қоры 19 миллион шаршы метрді құрайды. Соңғы 18 жылда 15,5 миллион шаршы метр пайдалануға берілген. Яғни, біз 2030 жылға дейін белгіленген межеге жету үшін жыл сайын 1 миллион 100 мың шаршы метр тұрғын үй салынуы қажет, – деді шаһар басшысының орынбасары.
Оның айтуынша, 2015 жылы қалада 1 миллион 759 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоспар бойынша бұл көрсеткіш ағымдағы жылы 2 миллион шаршы метрге жеткізілмек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button