Қала мен Сала

ТЫҢ ИДЕЯ СЫНҒА ТҮСЕР «STARTUP WEEKEND»

41

Жаңа идеяларын пайдалы кәсіпке айналдыруды армандаған жастар 30 мамыр мен 1 маусым аралығында өтетін «Astana Startup Weekend» шарасында сынға түседі.

Астана қаласы әкімдігі, «Астана – жаңа қала» ЕЭА әкімшілендіру басқармасы, «Астана Innovations» мекемесінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған шараға «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы, «Soft Partners», СISCO, «Диалог» патенттік бюросы сынды компаниялар демеуші және серіктес ретінде қолдау білдіруде.

«Startup Weekend» бүкіл әлем бойынша 30 мыңға тарта жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған жаһандық бастаманың біздің қаламыздағы жаңғырығы деп біліңіздер. Шараның негізгі мәні – қатысушы алғашқы күні ойында қылаң берген бір идеяның жетегінде келеді де, сол жерден команда құрып, 3 күндік немесе 54 сағаттық ақыл-ой еңбегінің жемісі ретінде қазылар алқасына өнімнің прототипі мен бастапқы бизнес-жоспарын ұсынады» дейді «Астана Innovations» акционерлік қоғамының жұртшылықпен байланыс жөніндегі өкілі Жанна Сәуірова.

2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары арасында стартап жобаларын аяқсыз қалдырмай, дамытып жатқандары жетерлік. Биылғы «Astana Startup Weekend 2014» тақырыбы – «Smart Astana». Ал, жүлде қоры – 1 000 000 теңге.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button