Жаңалықтар

Ұлттық киім кигендер ұлттық музейге тегін кіреді

Ұлттық музей Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралар тізбегін ұсынды.

19 наурызда «Наурыз – жаңару нышаны» мерекелік думанды бағдарламада ата-ана қамқорлығынан айырылған сәбилер үшін «Тұсаукесер» рәсімі өтеді. «Тұсаукесер» қайырымдылық жобасы биыл төртінші рет ұйымдастырылады. Содан соң, концерттік бағдарлама жалғасын тауып, театрландырылған қойылым, айтыс өнері, ән, би, арқан тартыс, киіз басу және қолөнер бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Осы күндері балаларға арналған наурыз ертеңгілігі, «Қазақтың ұлттық ойындары: асық ату» экскурсия-сабағы жүргізіледі.
Ал 21 наурыз күні ұлттық киім кигендер музейге тегін кіреді. Ол үшін әлеуметтік желідегі (фейсбук – ҚР Ұлттық музейі, инстаграм – Nationalmuseumkz, телеграмм – ҚР Ұлттық музейі) Ұлттық музей парақшаларына тіркеліп, #Ұлттықмузей хештэгін белгілеулері қажет.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button