Жаңалықтар

Ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтады

наурыз

Наурыз мерекесі күні елордалық полиция қызметкерлері шағын қазақ ауылында ұлттық тағамдар әзірлеп, салт-дәстүрді дәріптеді.

«Киіз үйдің ішіндегі бұ­йым­дар – қолдан жасалған туын­дылар. Осы мұралардың бар­лығын біздің әжелеріміз жинап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сабақтастырып отырған. Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді ұмытпау – біздің парызымыз» дейді Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің маманы Гүлжан Мұхамедина.

Наурыз тойын атап өтуге келген қызметкерлер қазақтың ертеден келе жат­қан салтының бірі – тұ­сау­кесер рәсімін тамашалады. Астана қаласы ІІД Кадр жұмысы басқармасы бас­тығының орынбасары Рустам Калин тамаша мере­­кенің  бүгінде барлық қала­ларда кеңінен аталып өтіп жатқанын айтты. «Бұл ме­ре­кенің кереметтілігі сонда, еліміздегі достық пен бей­бітшілікті нығайта түседі. Ұлыс оң, ақ мол болсын!» деп батасын берді ол.

Мереке соңы елордалық полиция қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button