Қала тіршілігі

ВЕЛОБЕКЕТТЕР ЖАҢА МАУСЫМҒА ӘЗІРЛЕНУДЕ

«Astana Bike» автоматтандырылған велопрокат жүйесін іске қосуға дайындық жұмыстары басталды. Қазіргі кезде қала бойынша станцияларды тазалау, веложабдықтарды даярлау, диагностикалау, велосипедтерді жөндеу және құрастыру, жүйенің бағдарламалық қамсыздандырылуын тексеру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Биылғы маусымда шаһар тұрғындары мен қонақтарына жалпы ұзындығы 85 шақы­рымды құрайтын 45 көшеде 1000 велосипедтен тұратын 150 бекет қызмет көрсетеді. Пайдаланушылар қажетті ақпаратты, соның ішінде, жақында ашылатын станциялар туралы мәліметті компанияның арнайы сайтынан біле алады.

Ауа райына байланысты былтыр велосипед тебу маусымы 15 сәуірде басталған еді. Биыл да оның ашылуы ауа райының қолайлылығына байланысты.

Еске салайық, «Astana Bike» әлеуметік-инновациялық жобасы 2014 жылғы 7 шілдеде іске қосылған.

astana-akshamy.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button