Жаңалықтар

Заңды білмеген, туды дұрыс ілмеген

Редакциямызға хабарласқан Айгерім есімді оқырманымыз: «Абай көшесі 8- мекен-жайында орналасқан «Голкипер» спорт-барда ілінген мемлекеттік тудың орналасу тәртібін білгім келеді. Ол жерде әр елдің туы әркелкі орналасқан. Қазақстан мен Түркия жалауының жанына Израиль елінің көлемі үлкен туы ілінген. Мұнда бір саяси астар бары анық көрініп тұр. Ойын тамашалауға келген жастар әлгі жағдайға наразылық білдіріп, сұрау салмақшы бол­ған­да, бар қызметкерлері мардымды жауап бермеді. Бұл мәселеге қала про­куратурасының назар аударуын сұрай­мын. Кафе иесі кім болса да, осылайша мем­лекеттік туды қор қылып ілуге немесе қалай болса солай орналастыруға құқы бар ма?» дейді.
Оқырман сауалы бойынша, Астана қаласының прокуратурасына хабарласқан едік. Кеше осы мәселеге байланысты Ас­тана қаласы прокуратурасының бас­қар­ма прокуроры Еркебұлан Ерекешов тү­сініктеме берді. «Астана қаласы про­ку­ратурасының тапсырмасына сәй­кес қалалық Ішкі саясат басқармасы атал­мыш ғимараттағы мемлекеттік ту­дың орналасу тәртібін тексерді. Нәти­же­сінде, мемлекеттік рәміздің, яғни, мем­лекеттік тудың заңға сәйкес ілін­бе­гендігі анықталды. Нақтырақ айтсақ, Мемлекеттік рәміздер туралы конс­ти­туциялық заңның 4-бабында көрсе­тілген ережелер бұзылған. Осыған байланысты нысан басшылығына арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік ту шешіліп алынды. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына осындай заң бұзушылықтарға жолыққан жағдайда дереу қала прокуратурасына хабарлауларын сұраймыз» дейді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button