Басты ақпарат

Елімізге – игілік, әр шаңыраққа бақ-береке!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл – өткенді саралап, келешек жоспар құратын белесті сәт, жалпыхалықтық мереке. 2019 жыл еліміз бен елордамыз үшін жаңа өзгерістер мен жарқын бастамалар жылы болды. Барлық салада даму байқалып, оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қалыптастырған стратегиялық саясаты мен халқымыздың бірлігінің арқасында мүмкін болып отыр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруды атап өтті. Жыл бойы елордамыздың дамуына қала тұрғындарының қосқан үлесі зор.Келер жылдан күтеріміз көп, жоспарымыз айқын.Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, жаңа жылда әр отбасыға амандық, бақ-береке, табыс тілеймін!Жаңа 2020 жыл құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі  А.КӨЛГІНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button