Руханият

Жаңа әліпбимен диктант жазды

Жалпыхалықтық диктант бұл күні республикамыздың түкпір-түкпірінде ұйымда­с­тырылды. Оған жасы 15-тен асқан 2 миллиондай тұрғын қатысқан екен. Оның ішінде 50 мыңға жуық астаналық бар.


– Еуропаның көптеген дамыған елдерінде халықтың сауаттылығын көтеру үшін жаппай диктант жазғызу үрдісі қалыптасқан. Біз де енді мұндай шараны жыл сайынғы дәстүрге айналдырмақпыз. Латын қарпімен жиі-жиі жазу жазған соң, адамдардың көзі де, қолы да тез үйренеді, – дейді Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Тіл саясаты комитетінің басшысы Қуат Борашев.
Диктант жазып шыққан кісілердің біразы жаңа әліпбидің ыңғайлы әрі оңай еке­нін айтты. Мысалы, елорда тұрғыны Ардақ Әлжанованың ойынша, латын қарпіне үйрену, әсіресе, жастар үшін қиынға соқпайды.
– Бұған дейін де біз смартфонда латын әліпбиінің пернетақтасын қолданатынбыз. Жаңа әліпбидегі әріптердің көбісі тура сол алфавит бо­йынша жазылады ғой. Сондықтан диктантты жазу барысында онша қиналмадық, – дейді ол.
Алайда кей азаматтар жаңа әліпбидің қолайсыз тұстарының да жоқ еместігін жеткізді. Өзін Руслан Беген деп таныстырған жас жігіттің айтуынша, «ш» және «ч» дыбыстарының қосарлана келетін жерлерінде сөз тым ұзақ болып кетеді.
– «Ш» дыбысы жаңа әліпбиде «sh», ал «ч» дыбысы «ch» ретінде белгіленген. «Есікті ашшы» деп жазар болсақ, екінші сөзді «ashshy» деп жазуға тура келеді. Соның орнына мен өзге түркі елдеріндегідей «ş», «ç» деп жазуды ұсынар едім, – дейді Руслан.
Ал Айсұлу есімді студент қазақша «у» дыбысының жаңа әліпбиде «ý» деп жазылуы адамды сәл шатастыратынын айтты:
– «У» дыбысын басқа барлық жерлерде «u» деп таңбалауға үйреніп қалыппыз. Өз атымды жаза бастасам, сөздің соңына автоматты түрде «u» әрпін қойып жіберем, – дейді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button