Жаңалықтар

Астаналықтар 100 мың сертификатқа ие болады

Қаладағы «Шапағат» коммуналдық базарының аумағында 3 желтоқсанға дейін «Чек талап ет те, сыйлық жеңіп ал!» атты акциясы жалғасады.

 

Акцияға қатысу үшін коммуналдық базардан құны 500 теңгеден кем болмайтын тауарды сатып алу қажет. Содан кейін қолыңыздағы чегіңізді тұрақтың қасында тұрған модераторға бересіз. Акция жұмыс күндері сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ әр жексенбі күндері ұтылып қалған чектерге «Sulpak» компаниясынан тауар алуға 100 мың теңге көлемінде сертификат ойнатылады. Бүгінге дейін 37 сертификат иесін тапты. Акцияны өткізуге бірқатар мемлекеттік мекемелер қолдау көрсетіп отыр.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button