Білім

ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТІҢ ЖЕТІСТІГІ

Биылғы «Жыл мұғалімі-2016» қала­лық бай­қауында елордадағы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мек­тебінің биология пәні мұғалімі Ләзім Қасымова жеңімпаз атанды.

img-20160929-wa0031

Ол жас күнінен ұлағатты ұстаз болуды армандапты. Оған мек­тепте оқып жүргенде сынып жетек­шісі, география пәнінен сабақ берген Айтжан Уәлиеваның әсері мол болыпты. Өзі де түр-тұлғасы келісті, сымбатты кісі екен. Әр сабақты өзгеше өткізіп, балалардың шынайы бағбанына айналған. Соның бәрі сү­йікті оқушысы­ның арманын әл­дилепті. Биікке самғауға қанаттан­дырыпты. Ләзімнің туған апалары да педагогтік жол­ды қалаған майталман мұ­ғалімдер саналады.

Біздің кейіпкеріміз бала кезінен әкесінің ерке қызы атаныпты. Оны папасы бас­қа­лардан ерекше жақсы көргені сондай, бетінен қақпай өсірген. «Айналайын, сенің қолыңнан бәрі келеді. Сен үлкен ғалым боласың. Ол үшін сабақты жақсы оқып, үлгілі адам болу керек!» деп демеу беріп қояды екен. Амал нешік, оған қызының жетістігін көруді жазбапты.
Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов секілді әдебиет алып­тары дүниеге келген Қы­зылжар өлкесінде өмір есігін ашқан ол Шоқан Уәли­ханов атындағы Көкшетау педа­гогикалық университетін тәмамдайды. Одан кейін туған ауылында еңбек жолын бас­тайды. Білімі молайып, тәжі­рибесі жетіле түседі. 2007 жылы отбасымен Астанаға қоныс аударады. Содан бері қаладағы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мекте­бінде жұмыс істейді. Бас қалаға келгеннен кейін жас ұстаздың білім жолы кеңейеді.
Мектептегі жұмысымен қатар, 2012-2014 жылдар ара­лығында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жаратылыстану факультетінің магистратурасын бітіреді. Чехия мемлекетінің Прага қаласындағы Богема орталық университетінде халықаралық тағылымдамадан өтеді. Ғылыми диссертациясын жоғары дең­гейде қорғап, педагогика ғы­лымдарының магистрі атағын алады. 2013 жылы биология пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасының бірінші орын иегері атанады. Осы марапатты ол қатарынан екі рет иеленеді.
– «Жыл мұғалімі-2016» қа­лалық байқауының бас жүл­десін алғанда қатты тол­қыдым. Қуаныштан көзіме жас келді. Әрине, бұл – бір жағынан жалғыз менің ғана еңбегім емес. Оған мектеп ұжымы мен оқушылар және ата-аналар да себепкер болды. Әсіресе, «Зерде» мек­тебінің алғашқы директоры Айтжан Шаяхметованың талабы мен шығармашылық жұмыс жасауға бағыттауы маған сер­­піліс берді. Оқушыларды түр­лі зият­керлік сайыстарға да­йын­­дау кезінде өзім де олармен бірге өстім. Одан кейін екінші директор болған Құра­лай Аман­­гелдіқызы мені білім­дегі жаңа ин­новациялық идея­лары­мен сабақ берудің жаңа­шыл тəсілдерін меңгеруге машық­тан­дырды. Бүгінгі мектеп басшысы Әлия Сексенованың істе­ген жұмысыңды бағалауына ерек­ше разымын. Осы ыстық ықы­ластың барлығы маған қол­дау болды, – дейді дарынды педагог.
Әрине, кез келген ұстаз өз шәкіртімен биік көрінеді. Оның республикалық, қалалық олимпиадаларда оза шауып жүрген талантты шәкірттері көп. Білім сайыстарында биология пәні бойынша бірнеше рет қатарынан жеңімпаз болған оқушылар бар. Соның барлығы жаңашыл педагогтің жаңа өріс іздей білетін ізденімпаздығы деп айтуға болады.
Оны бүгінгі ұстаздардың жанкешті жұмысы да алаңда­тады. «Педагогтердің ауыр еңбегі бағаланса екен деп ойлаймын. Қаншама ұстаз шəкірт­терге білім беріп, еліміздің бо­лашағын тəрбиелеп келеді. Қазіргі таңда мұғалімнің мəр­тебесі қатты қынжылтады. Ата-аналар да бала­сының бола­шағына үлес қосып жатқан ұстаздарға сый­лас­­тықпен, түсі­ністікпен қараса!» деп сал­мақты ой өрбітеді.
Айтпақшы, Ләзім Қасымова – үздік педагог қана емес, төрт бала тәрбиелеп отырған асыл ана.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button