ӘлеуметБасты ақпарат

Ә. ЖАҚСЫБЕКОВ, Астана қаласының әкімі: ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАРЛЫҚ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНАДЫ

ERA_2196

Кеше Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қалалық Ардагерлер кеңесінің активімен кездесті.

Бүгінде елордада 235 Ұлы Отан соғысы ардагері тұрады. Сонымен бірге, қалада майдангерлерге теңестірілген 1992 адам мен 4 мыңдай тыл еңбеккері бар.

Қазіргі күні  отан үшін от кешкен қарт сарбаздардың барлығы баспанамен қамтылған, коммуналдық төлемдер мен өзге де қызметтерде жеңілдіктерді пайдаланады. Оларға медициналық көмек, тегін дәрі-дәрмек, үй-жайын жөндеп беру сияқты түрлі әлеуметтік қолдаулар да қарастырылған.

Осы жөнінде айтқан қалалық ардагер­лер кеңесінің төр­ағасы Амангелді Сыздықов қариялардың әлеуметтік мәселелеріне қатысты мәселелердің шешімі әкімдік тарапынан ешқашан кешіктірілмейтінін айтып, алғысын жеткізді.

 «Өздеріңізбен өткен кездесу біз үшін аса маңызды. Біз өз жұмысымы

зда  ардагерлер ұйымына арқа сүйейміз, барша тұрғындарды мазалайтын өзекті мәселелерді шешуде сіздер – сенімді әрі белсенді серіктессіздер» деген қала әкімі Әділбек Жақсыбеков шағын облыс орталығынан көркем шаһарға айналған Астананы уақыт талабына сай  өркендету жолында  әлі де көп еңбек ету керектігін айтты.

«Қазір «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қызу дайындық үстіндеміз.  Құрылыс алаңдарында дамылсыз жұмыс жүріп жатыр. Одан бөлек, қаланың барлық инфрақұрылымдарын жаңа кезеңге сай қайта жаңғыртып, қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық сияқты тіршілік көзінің тірегі саналатын маңызды салалардың жұмысын жақсартуымыз керек. Келесі жылы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ел болып атап өтеміз. Елордада өтетін кез келген шара қала имиджіне ықпал ететіндіктен, оларды жоғары деңгейде ұйымдастыру шарт. Бұл – әрқайсымыз үшін шыңдалу сынағы» деді.

Кездесуге келген ақсақалдар ағынан жарылып, аға буын өкілдері игі бастамалардың қолдаушысы, халқымыздың тілекшісі екендерін танытты. Сонымен қатар, осы өңірдің дамуына еңбегін сіңірген азаматтардың есімдері ардақталып, олардың қала тарихында лайықты орын алуына қатысты шараларды ұйымдастыру туралы ұсыныс ортаға тасталды.

Кездесу соңында тоқсанның төріне шыққан майдангер қария Қадан Бекенов ел ағаларына батасын берді.

 

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button