Жаңалықтар

«Жас отбасының» шарапаты

1 шілдеден бастап Қазақстанда «Жас отбасы» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады.

«Шаңырақ көтергеніне үш жыл толмаған жас отбасылар депозит ашып, бірден тұрғын үй құнының 50 пайызын сала алады, сонда ипотека төмендетілген мөлшерлемемен ресімделеді. Бізде негізінен 8,5 пайыз, ал жас отбасылар үшін арнайы 6 пайыз белгіледік. Сұраныс өте жоғары, бір айда 1,5 мыңға жуық депозит ашылды» деп түсіндірді Л.Ибрагимова.
Құзырлы мекеме басшысы қазір жас отбасын есептеу жасын 3-тен 5 жасқа дейін өсіру мәселесі қарастырылып жатқанын айтады. «Қазір көптеген отбасылар: «Неге 3 жыл? 5 жыл да жас отбасы үшін ұзақ уақыт емес. Бізді де қолдаңыздар» деп жазып жатыр. Біз бұл ұсыныс­тарды қарастырамыз. «Отбасы» банкінің жетілдірілуі тек қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде орындалғаны өте маңызды. Біз барлық отбасылар үшін мамандыққа, әлеуметтік мәртебеге қарамастан, тең қолжетімді болғанын қалаймыз» деді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button