Жаңалықтар

Жастарға жөн сілтейді

Бүгін қала жастары қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы және өзге де ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, кеңес ала алады.

Іс-шара «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығында сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін болады. Кез келген қала тұрғыны Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы, Медиацияны дамыту орталығы және көптеген басқа ұйымдардың өкілдеріне өздерін қызықтыратын мәселелерге қатысты сұрақтарын қоя алады. Шараның мақсаты – жастарға қолдау көрсету, оларға нақты мәселелер бойынша кеңес беру арқылы мемлекеттік бағдарламалардан хабардар ету, жекелей сұрақтар бойынша қала тұрғындарына көмектесу.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button