Әлеумет

Аула клубтарына алғыс

Елорда әкімдігінің «Астана аулалары» бағдар­ламасы аясында атқарылып жатқан шаралар қала тұрғындары тарапынан жақсы бағаланып отыр. Осы бағыттағы жұмысты жүйелі негізде орындаушының бірі – «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі .

Тәуелсіздік мерекесіне орай қаладағы аулалық клубтардың «Аула жұлдыздары» атты қоры­тынды іс-шарасы өтті. Бұл шараға аулаларда тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқан 30 аулалақ клубтың шығармашылық ұжымы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Оқу­шылар сарайының кең сахнасына бишілер мен әншілер, спортшылар мен қолөнер шеберлері арнайы көрсетіліммен шықты. «Астана жастары» КММ директоры Үкібай Нұрпейісов үздік деп танылған аула клубтарының жетекшілеріне Астана қаласы әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті. Сонымен қатар жыл басынан бері жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген «Армандастар», «Жас қанат», «Береке», «Эверест», «Балауса» және басқа да аула клубтарының үйірме жетекшілері мен бапкерлеріне мекеме атынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар берілді.
Мыңдаған балалар мен жас­өс­пірім­дердің түрлі өнер және спортпен айналысуын, жарыс­тар мен байқауларды үй­лес­тіріп жүрген «Астана жастары» мекеме­сіне осы мерекелік шара барысында ата-аналар да алғысын айтып жатты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button