Жаңалықтар

Жауынгерлерге құрмет жасады

нур отан наурыз

«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы астаналық интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетті.

Биылғы жылдың 15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан  шығарылғанына 25 жыл толды. Осы елде өзінің әскери борышын өтеуге 22 269 қазақстандық қатысты, оның 924-і ерлікпен қаза тапты, 1015-ы мүгедек болып, 21-і хабар-ошарсыз кетті. Сондықтан да Ауғанстаннан әскерлердің шығарылған күні – ауған соғысының ардагерлері үшін әрі мереке, әрі қаза тапқан жауынгерлерді еске алатын қаралы күн.

Жақында «Нұр Отан» пар­тия­сының «Бірлік» филиалы Астана қаласындағы бір топ интер­на­ционалист-жауынгерлердің басын қосып, игілікті шара ұйымдастырды. Алдымен Ауғанстан соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш-мемориалға гүл шоқтары қойылды. Қадірлі қонақтар Тұңғыш Президент мұражайын аралап көрді. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен дөңгелек үстел мәжілісінде интернационалист-жауынгерлер естеліктер айтып, шараға қатысқан жастарға ақыл-кеңестерін жеткізді. Астана қаласының Ауғанстан  соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағының төрағасы Серік  Кенжебеков пен Ауғанстан соғысы ардагерлері республикалық одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов айтулы шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

– Жүрекке ауыр тиетін көп есте­ліктер мен ерліктер біздің жадымызда мәңгілікке сақталады. Солардың бірі – ауған соғысының алар орны ерекше. Соғыстың барлық қасіретін бастарынан өткеріп, өздерінің жанын пида еткен, Отанынан шет жерде соғыса отырып, ерлік жасаған ерлер үшін кеудені мақтаныш кернейді. Бұл атқарылған шаралар ауған жауынгерлеріне біз жасай алатын қамқорлықтың бір бөлшегі ғана, – деп шараны түйіндеген «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Қайшарова арнайы шақырылған қонақтардың бәріне естелік сыйлықтар үлестірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button