Жаңалықтар

Жеті университетке шақырту алды

Астанадағы дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінің түлегі, «Алтын белгінің» үміткері Нұрәлі Сарбақыш әлемдегі мойны озық жеті университетке қабылданып үлгерген.

Ол өзінің туа бітті алғырлық, еңбекқорлық, ізденімпаздық қасиетімен он бір жыл бойы мектепті үздік оқып, сан мәрте республикалық және халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанған. Әсіресе, физика пәні оның ғылымға деген құштарлығын оятқан. Болашақта инженер болуды армандайды.
«Мектепті толық беспен бітірдім. Енді аман-есен «Алтын белгіні» абыроймен қорғап алсам деймін. Қазірдің өзінде халықаралық 7 жоғары оқу ордасына шақыру алдым. Енді осы елдердің ішінен Германияны таңдап отырмын» дейді жас талант.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button