Мәдениет

«Жошы хан» жарық көрді

Жазушы Ұларбек Дәлейдің «Жошы хан» тарихи романы жарық көрді. Астанада өткен халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында автор кітаптың жазылу барысымен бөлісті.

– Төрт жылға созылған ізденістің, бес ай бойы жазу үстелінде тапжылмай отырған табанды еңбектің нәтижесі – міне, алдарыңызда. Қаһарлы Шыңғыс дәуірін, Жошы ұлысының құрылуы барысындағы қым-қиғаш оқиғалар мен қанды жорықтарды төгілте суреттеуге тырыстым. Жаңа ұрпаққа жаңа, шынайы тарих керек. Өзгелер сызып берген шеңберді қирататын шақ келді, – деді Ұларбек Дәлейұлы.

Айта кетейік, бұл шығарма – қазақ және әлем әдебиетінде Жошы хан жайлы жазылған тұңғыш роман. Автор зерттеу еңбектері негізінде Шыңғыс заманы мен оның тұңғыш ұлы Жошы хан жайлы терең және тың деректердің ізіне түскен. Сол арқылы Жошының қым-қуыт күндерде дүние есігін ашуы, өскен ортасы мен жастық шағы, жорықтары мен өмірінің соңына дейінгі оқиғаларды барынша толық баяндаған. «Фолиант» баспасынан жарық көрген роман 480 бетті құрап отыр, жалпы 23 хикаяға жіктелген. Әр хикая бірнеше тақырыпқа бөлінген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button