Sport

Жүгіргенге сыйлық бар

«Saryarqa Jugiru» онлайн-жарысына барлық қазақстандықтар қатыса алады.

Елордада 13 желтоқсанға дейін өтетін бір апталық «Saryarqa Jugiru» онлайн-жарысы басталды. Бүгінгі таңда оған қатысуға 120 адам тіркелді. Алайда өтінімдер жарыс кезінде де қабылданады. Жарысқа www.jgr.kz сайтында 13 желтоқсанға дейін онлайн тіркелуге болады. Жарысқа спортқа қарсы көрсетілімдері жоқ адамдардың барлығы қатыса алады.
«Saryarqa Jugiru» жарысының қашықтығы – 5 шақырым. Қатысушылар жарыс маршрутын апта ішінде бірнеше рет кез келген ыңғайлы уақытта жүгіре алады. Жеңімпазды анықтау үшін спортшының ең үздік ұпайы саналады.

Ол үшін Strava қосымшасында жүгіру көрсеткіші тіркелуі керек. Әрі қарай нәтижелер тексеру процедурасынан соң www.jgr.kz сайтында жарияланады.
Онлайн жарысқа қатысудың маңызды шарттарының бірі – Instagram парақшаңызда жарыс туралы хабарлама жариялау және #saryarkamarathonchallenge іс-шара хэштегін, Нұр-Сұлтан жеңіл атлетика федерациясының @nsathleticskz, «Jugiru» платформасының @jgr.kz және Сарыарқа ауданы әкімдігінің @saryarka.akimat профильдерін, белгілеу болып табылады.
Жеңімпаздар 16 желтоқсанда марапатталады.
Көктал-1 тұрғын алабының жаңа саябағында қашықтыққа жүгірген қатысушыларға арналған сыйлықтар:
І орын – iPhone 12; ІІ орын – 300 $; ІІІ орын – 200 $.
Қаланың басқа аудандарында жүгірген және Қазақстанның басқа қалалары мен облыстарында, сондай-ақ республикадан тыс жерлерде тұратын қатысушыларға арналған сыйлықтар:
І орын – 150 $; ІІ орын – 100 $; ІІІ орын – 75 $.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы, Нұр-Сұлтан қалалық жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан онлайн жүгірудің жеңімпаздары мен жүлдегерлері мерейтойлық медальдармен және сертификаттармен марапатталады.
Барлық егжей-тегжейлі ақпаратты jgr.kz ресми сайтынан алуға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button