Әлеумет

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДЫҢ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Сәтті қадам» жобасының жаңа бағытын қолға алатынын мәлімдеді. Аталмыш ұйым енді колледж бен университетті тәмамдаған жетім балаларды жұмысқа орналастырады.

«Жас Отан» төрағасы Шахмардан Баймановтың айтуынша, биылғы оқу  жылын  бітірушілердің  арасында  3600 өрен – жетім балалар. Олардың 2441-і техникалық білім алып шықса, 1192-сі – жоғары оқу орнының түлектері.

«Сәтті қадам» жобасының жаңа бағыты бойынша 172-ден астам кәсіпорын, олардың ішінде «Қазақстан темір жолы», «Баян сұлу», «Ореол», «Өскемен қағаз зауыты», «ҚазПласт», «Мутлу-гипс», «Павлодар мұнай химия зауыты» сынды компаниялар бірлесіп жұмыс істеуге келісіп отыр.

«Осы санаттағы барлық түлектерді қызметке тұрғызамыз деп айта алмаймыз. Себебі әрбір компанияның өз талаптары бар. Дегенмен, біз нақты қай аймақта қандай маман қажет екенін білеміз. Сол ақпаратқа сүйеніп жастарға бағыт береміз» дейді Ш.Байманов. Оның айтуынша, жетім балаларды тек өндірістік ошақтарға ғана емес, басқа да кәсіпорындар мен мекемелерге орналастыру мәселесі қаралатын болады.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button