Елорда тынысы

Депутаттар бақылауға алды

Мәслихат депутаттары кезекті сессияның алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында апатты жол қиылыстары, жол жамылғысының бұзылуы, көшелерді жарықтандыру сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Негізінен алғанда, халық қалаулылары аталған мәселелерді тікелей бақылауға алды. Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Елорда тұрғыны ретінде полиция мен аудан әкімдіктеріне жүгіндім. Мәселенің түйіні – қала жолдарында апатты жағдай туғызатын шұңқырлардың көп болуы. Әртүрлі құрылыс жұмыстары жол жамылғысын жиі бұзады, асфальт жабындысын жөндегеннен кейін оларды тиісті түрде бастапқы күйіне келтірмейді. Ал елорда жолдарындағы мұндай жағдай жылдан жылға байқалады» дейді ол.

Мәслихат хатшысы жергілікті және әкімшілік полицияға тәртіп бұзушыларға бақылауды күшейтуді тапсырғанын жеткізді. «Бұл жолдарды ластайтын жүк көлігін, әсіресе бетон араластырғыштарды бақылауға да қатысты. Әлеуметтік нысандарды бейнебақылау жүйесіне қосу туралы да сөз болды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау мекемелері жүйеге қосылуы тиіс. Халық қалаулылары көшелерді жарықтандыру, апатты жол қиылыстары, тағы басқа мәселелерді ерекше бақылауға алды» деді Е.Каналимов.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button